Денсаулық

Екі аптада 32 адам коронавирус жұқтырған: СҚО-да елді мекендер карантинге жабылып жатыр

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Солтүстік Қазақстан облысында 12 қазаннан бастап Мамлютка қаласы мен Есіл ауданына қарасты Явленка ауылы карантинге жабылды. Соңғы екі аптада осы елді мекендерде 32 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Қазір карантиндік аймақтарда блок-бекеттер орнатылды. Полиция қызметкерлері аймаққа кіріп-шығып жатқан көліктерді бақылап жатыр. Елді-мекеннен шығу үшін арнайы анықтама болуы қажет. Жолаушылар тасымалы мен такси көліктеріне жүруге тыйым салынды. Енгізілген шараларға сәйкес тұрғындарға үйлерінен кешкі оннан, таңғы алтыға дейін қажетсіз шығуға болмайды. 65 жастан асқан қарияларға үйден шықпауға кеңес берілді. Сонымен қатар, Мамлютка қаласының Ресеймен шекарада орналасуына байланысты  100 орынға шақталған карантиндік стационар ашылды. Қазіргі таңда 58 адам  тестілеу анықтамасын күтіп жатыр. Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстанның Булаев қаласы карантинге жабылған болатын. Жалпы өңірде соңғы тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырған.

 

«Өңірлік комиссияның 6 қазандағы  шешімі бойынша аудандарда 6 немесе одан да көп коронавирус жұқтырғандар анықталса, шектеу шаралары енгізілуі қажет. Осыған сәйкес ауданда 11 қазанның 00.00 уақытында ауданға  көлікпен кіріп-шығуға шектеу шаралары енгізілді. Ал аудандағы дүкендер сағат 09.00-дан 21.00-ге дейін жұмыс жасайды. Кафелер де осылай жұмыс істейді. Бірақ ұжымдық мерекелер өткізуге тыйым салынады. Аудан орталығында үш мектеп. Олардың бастауыш сыныптары штаттық режимде жұмыс істейді. Балалар арасында короновирус жұқтырғандар жоқ», &ndash деді Мамлют ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Зеинат Бекина.




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 23:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30