Денсаулық

Екпе салдыртқандар масканы қашан шеше алады

  • Екпе салдыртқандар масканы қашан шеше алады

    Екпе салдыртқандар масканы қашан шеше алады

Екпе салғаннан кейін масканы қашан шешу керектігін Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург айтты.

Екпе салдыртқаннан кейін кем дегенде 3 апта күту керек. Мен антиденелердің деңгейін анықтап алғаннан кейін барып масканы шешуге кеңес берер едім. Егер жоғары болса масканы тақпауға болады. Егер антиденелердің деңгей жеткіліксіз болса онда масканы тағып жүру керек, - деді Гинцбург. 
Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» атты вакцинаны шығара бастаған еді.
Вакцина араға үш апта салып екі препаратты салу көзделген. 

РИА Новостидің хабарлауынша, «Спутник V» деп аталған вакцина екі айдай уақыт клиникалық сынақтардан өткен. 

COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырды. Зерттеулер көрсеткендей, эксперименттің барлық қатысушысының ағзасында иммунитет пайда болды.  

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылған еді. 

BAQ.KZ




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.10.2020, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30