Денсаулық

Елде сырқаттану деңгейі тұрақталып келеді – Цой

  • Елде сырқаттану деңгейі тұрақталып келеді – Цой

    Елде сырқаттану деңгейі тұрақталып келеді – Цой

  Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға тоқтала кетсем, бүгінде 87 664 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде соңғы тәулікте 1472 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы, сырқаттану деңгейі тұрақталып келеді. Қазір тәулігіне 1500-1600 адамнан вирус анықталуда. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жедел жәрдем көлігін шақырту көлемі 2,3 есеге азайды (22-30 шілде аралығында). Сондай-ақ, коронавирус инфекциясына қатысты сауалдармен хабарласатындар саны тәулігіне 500-ден 86-ға азайды. Стационарлардағы салмақ 99%-дан 35,7%-ға төмендеді. Мысалы, Шымкент қаласында жедел жәрдем көлігін шақырту көлемі 43%-ға азайса, стационарлардағы мүгедек науқастар саны 56,9%-ға төмендеген. Қазақстан бойынша провизорлық стационарлар жабылып, күнделікті жұмыс режиміне қайта келіп жатыр. Бірақ, олар әлі де резервте қала бермек, - деді ол.
Министр Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясы салдарынан болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші деңгейін төмендетудің маңыздылығын баса айтқанына тоқталды.

Президенттің тапсырмасына сай, елдегі жағдайды тұрақтандыруды әрі қарай жалғастыру мақсатында бүгін мемлекеттік комиссияның отырысы барысында шектеу шараларын тағы екі аптаға созу жөнінде шешім қабылданды. Осы қосымша карантин кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуге қатысты күшейтілген дайындық жұмыстары жүргізілмек. Жалпы қолданыстағы инфрақұрылымдық нысандар қауіпсіздік функциясына сай жағдайға келтірілуі керек. Елдегі жағдайды тұрақтандыру жұмыстары экономиканың барлық секторын қамту және біріге күш жұмсау нәтижесінде ғана жүзеге асады, - деді ол.

BAQ.KZ.




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 18:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31