Денсаулық

Елде туберкулезге шалдыққандар саны 4,5 пайызға азайған.

  • Елде туберкулезге шалдыққандар саны 4,5 пайызға азайған.

    Елде туберкулезге шалдыққандар саны 4,5 пайызға азайған.

Есесіне қауіпті дерттен жазылатындар артып келеді. Алайда, қоғамның науқастарға деген көзқарасы әзірге көңіл көншітпей тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы фтизопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Анна Цепко мәлімдеді. Айтуынша, қоғам туберкулезге шалдыққан адамдардан үрейленеді. Тіпті оларды жұмыспен қамту мәселесінде де түйіткілдер бар. 

Кәсіпкер Самат Исабаев осыдан 25 жыл бұрын туберкулезбен ауырған. Ақ халаттылар дер кезінде көмектесіп, жарты жылда жазылып шығыпты. Осы аралықта қоғамнан шеттетіліп қалғанын айтты. Тіпті жақындары мен достары да одан теріс айналған. Дегенмен қиындыққа мойымай өз алдына кәсіп ашқан. Диагностикалық құралдарды дәріханаларға жеткізумен айналысады. Қазір 90 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың да қатарында туберкулезден айыққандар бар.

Самат ИСАБАЕВ, КӘСІПКЕР: Өзім де осы аурумен ауырғанмын. Әрине жас болғандықтан үлкен психологиялық қысым алдым. Сондықтан ондай адамдарды жақсы түсінемін. Дегенмен туберкулезге шалдыққандарды қоғамнан шеттету дұрыс емес. Олар да біздің бір бөлшегіміз. Сондықтан халық ақ-қарасын білмей жатып үрейге бой алдырмауы тиіс. Керісінше, науқастарға немесе жазылып кеткен адамдарға қоғамның қолдауы ауадай қажет. Соңғы 10 жылда туберкулезбен күрес айтарлықтай күшейген. Мәселен, бір ғана Нұр-Сұлтандағы орталық бұған дейін жылына 3 мың науқасты қабылдаса, жыл басынан бері тек 400-ге жуық адам жүгініпті. Дәрігерлер індет қазір аса қауіпті емес деп отыр.

Анна ЦЕПКЕ, НҰР-СҰЛТАН қ. ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Туберкулез-бұл әлеуметтік ауру. Бұл қоғам үшін де өте маңызды, өйткені бұл бәріне әсер етуі мүмкін инфекция. Пандемия ауруды анықтауға кері әсерін тигізгенімен, емдеуде ешқандай қиындықтар туындамады. Туберкулез ұзақ мерзімді емді қажет етеді. Десе де оны емдеп шығуға қазіргі медицинаның қауқары толық жетеді. Науқастарға деген қоғам көзқарасын өзгерту керек. Әсіресе, оларды әлеуметтік қамсыздандыру бағытында. «Санат әлемі» қоғамдық қоры ауруға шылдыққан және жазылып шыққан азаматтарды ортаға бейімделуіне көмектеседі. Тіпті оларды тұрақты жұмыспен қамтумен де айналысады. Қор өкілдері, елдің түкпір-түкіпірінде мұндай орталықтардың көбейіп жатқанын жеткізді.

Мұрат МЕДЕТОВ, «САНАТ ӘЛЕМІ» ҚҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Туберкулезбен жазылғаннан кейін жұмыс істей беруге болады. Екі айдан кейін қалыпты жағдайға келеді. Оған ешқандай тосқауыл жоқ. Бірақ өздерінің ішкі шектеулері болады. Көп жағдайда өздері жасырынып жүреді. Осы бағытта жұмыс істейміз. Иә, ішкі күйзеліс, сыртқы қысым. Мұны психологиялық көмек арқылы жеңуге болады. Алайда оларға үреймен қарау, емделіп шыққандардың қоғамнан алшақтауы қашан бірізге түсері тек уақыт еншісінде. Ғ. Өтемісов

astanatv.kz




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 03:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31