Денсаулық

Елжан Біртанов: Медициналық мекемелерге тек қана сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді. Ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернеттарда карантин күшіне енеді. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек қана сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі, яғни бөтен адамдар аталған орындарға кіргізілмейді. Сонымен қатар сарнитарлық-дезинфекциялық режім күшейтіледі», - деді министр онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

 

Министрдің атап өтуінше, медициналық мекемелерде дыбыс жазбасына фото және бейне түсірілімге тыйым салынады.

 

«Барлықтарыңызды бұл төтенше жағдайда сабырлық сақтауға шақырамыз. Бұл емделетін инфекция екенін білесіздер. Осы орайда қажетті шараларды ұйымдастыру бағытында бізде барлық жағдай бар. Барлық санитарлық жұмыстар қабылданып жатыр. Тиісті сұрақтар бойынша біздің арнайы колл-орталықтағы 1406 нөмірі арқылы және ғаламтордағы сайттар әрі әлеуметтік желілерд бойынша ақпарат алуға болады», - деді Елжан Біртанов.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді. Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай - Нұр-Сұлтанда, 11 факті - Алматыда тіркелген.

 




Көрілген: 245    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31