Денсаулық

Елімізде 2 айда 615 бала өлімі тіркелген

  • © Ernur.kz

    © Ernur.kz

Көш басында Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр екен. Ақ халаттылар жаңа туған сәбилердің шетінеп кетуіне дұрыс өмір салтын ұстанбайтын аналар кінәлі, дейді. Өйткені, тым аз салмақпен және де өзге де ауытқумен туылатын сәбилердің саны азаймай отыр. Жаға ұстатарлық статистиканың көбейюіне не себеп?


Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Дені сау ұрпақты дүниеге әкелу әр ананың арманы екені айтпасақ та түсінікті. Бірақ, өкініштісі сол, бұл парызды абыроймен атқарып жүрген келіншектер шамалы. Салаутты өмір салтын сақтамайды, дәрігерге уақытылы қаралмайды. Содан болса керек, әлсіз, шала туған сәбилер жыл сайын көбейіп барады, - дейді мамандар. Олардың сөзінше, тек биылғы алғашқы екі айдың өзінде 600- ден астам шақалақты аман алып қалу мүмкін болмапты.


МАҒЖАН СОВЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ СТАТИСТИКА КОМИТЕТІНІҢ САРАПШЫСЫ


- 2018 жылы 3123 нәрестелер өлімі тіркелсе, 2019 жылдың екі айында 615 бала өлімі тіркелді. Жыл сайын бала өлімі азаюда. 2018 жылды 2016 мен салыстырсақ 8 пайызға, 2017-мен салыстырсақ 31 пайызға азайған.


Мамандардың уәжінше, республика бойынша бала өлімінің жалпы көрсеткіші азайғанымен, бұл сандар әлі де көңіл көншітпейді. Өйткені, Атырау, Алматы мен Ақтөбе облыстарында нәрсетелердің шетінеп кетуі әлі де азаяр емес. Оған аналардың денсаулықтары мен түрлі сыртқы фактордың әсері етуде.


РИЗА БОРАНБАЕВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:


- Тек айта кететін бір жайт, кей өңірлерде сандар мүлдем өзгермейді. Мәселен Ақтөбе, Атырау мен Алматы облыстарындағы жағдай үшін алаңдауға негіз бар. Бірақ жалпылама қарағанда еліміз бойынша бала өлімі кеміген. Тіпті жыл сайын азайып келеді деп айтуға негіз бар.


Еліміздегі тек бір орталықтың өзінде жыл сайын 350-ге жуық бала ем алады. Олардың 200-ге жуығы шала туған. Ең әлсіз бүлдіршіннің салмағы небәрі 400 граммның ар жақ бер жағы екен. Сондай-ақ, жыл сайын 1000 баланың 18-і о дүниелік болады. Өйткені...


ГҮЛБАНУ САНСЫЗБАЕВА, ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НӘРЕСТЕЛЕР РЕАНИМАЦИЯСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ


- Шала туған балаларда кездесетін ең үлкен проблемалардың бәрі ол сенсорлық ауытқулары, неврологиялық жүйке жүйесінде ауытқуларының мәселесі үлкен проблема болып саналады. Енді жетіліп туылып, шетінеп кетіп жатқан нәрестерлердің мәселесіне келер болсақ. Ол көптеген ақаулар туған балаларда ғана. Өкінішке орай, ондай балалар Қазақстанда туып жатыр.


Осылайша дәрігерлердің дерегінше, еліміздегі 70 пайызға жуық қыздардың денсаулығында кінәрат бар. Дені асқазан-ішек, жүйке жүйесі, жүрек аурулары мен эндокриндік проблемалармен күресуде екен. Ал болашақ аналардың денсаулығында кездескен мұндай сырқаттардың құрсақтағы сәбиге де өз әсерін тигізетіні анық. Сондықтан, әр бұрымды өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек,- дейді ақ халатылар.


kaz.caravan.kz


 




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 18:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30