Денсаулық

Елімізде енді дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады

  • Елімізде енді дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады

    Елімізде енді дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады

Елімізде медициналық қызметкердің жауапкершілігін сақтандыру алгоритмі әзірленіп жатыр. Министр науқастың мүддесін қорғап, ақ халаттылардың құқығын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа реформаны тілге тиек етті. Бұл дауды сотқа дейін жеткізбей, медиация тəртібімен реттеуге жол ашады.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер де қателеседі. Мәселен, АҚШ-та дәрігердің қалт кетуі 25 пайызға дейін тіркеледі. Егер біз әрбір маманды жазалап, соттайтын болсақ, онда елде медициналық қызметкер қалмайды. Егер жұмысына немқұрайлы қарап немесе науқасқа әдейі зиян келтірсе, онда қатаң жауапқа тарту керек. Абайсызда болса, сақтандыру арқылы өтеуге мүмкіндік беріледі. Алайда дәрігер міндетті түрде қайта дайындықтан өтіп, біліктілігін арттыруға тиіс, содан кейін ғана ол жұмысқа кірісе алады. Мұндай әдіс дамыған елдерде қолданылады. Сонымен қатар бірде-бір дәрігер операция бөлмесіне сақтандырусыз кірмейді",- деп келтіреді Алексей Цойдың сөзін Хабар 24. 

Қазір елде 220 мыңға жуық дәрігер мен орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Бағдарлама барысында ведомство басшысы олардың біліктілігі мен еңбекақы мәселесін қозғады. Бұдан бөлек, ревакцинация мен вакцинаның сақталуына бақылау жүргізу жайы да сөз болды. 

Хабар 24. 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 10:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31