Денсаулық

Елімізде коронавирус анықталған жағдайға қосымша "Б" жоспары әзірленді

  • https://www.dw.com/

    https://www.dw.com/

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтыру дерегі анықтала қалған жағдайда әрекет ететін "Б" жоспарын жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Министрлік басшысы қаңтар айының басынан бастап бүгінгі күнге дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты үш кезеңді іске асырған.

 

Сонымен, бірінші кезеңде министрлік шекараға бақылауды күшейтіп, аспан асты елінен оралғандардың денсаулығын бақылауға алған. Сонымен қатар, жеке қорғаныш құралдарының қоры құрылған. Одан бөлек тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу басталған.

 

Екінші кезеңде шекарадағы бақылау күшейтілген. Онда 150 эпидемиолог жіберілді. Дәл осы кезеңде лабораториялық диагностика реттеліп, емдеу хаттамасы, эпидемияға қарсы іс-шаралар реттілігі бекітілген.

 

Үшінші кезең өткен айдың 20 ақпанынан басталды. Осы кезеңнің аясында елге кіретін адамдар коронавирустың қауіптілік деңгейіне байланысты үш санатқа бөлінді.

 

Кешеден бері бірқатар елдерге, соның ішінде Оңтүстік Кореяға, Италияға, Иранға қатысты күшейтудің төртінші кезеңі енгізілді.

 

Сонымен қатар, Білім министрінің хабарлауынша, инфекцияның ел аумағына енуіне жол бермеу, сондай-ақ қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мақсатында мемлекеттік органдар Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп "Б" жоспарын әзірледі.

 

Жалпы алғанда, бүгінде әлемде 88 мыңнан астам коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Қытайдан бөлек, Италия, Иран, Жапония, Оңтүстік Кореяда инфекция жұқтырғандар көбейіп жатыр.

 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30