ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан (-2578 + және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті есебінде бір адамның қайтыс болғаны жайында дерек бар.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.