Денсаулық

Елімізде қызылшаның «Дублин» және «Кабул» атты генетикалық желілері тараған

  • © novostipmr.com

    © novostipmr.com

Бұл қоздырғыштар Еуропа мен Азияға тән. Осы орайда бүгіннен бастап қызылша дертіне қарсы қосымша екпе басталды. Бұл үшін 478 мың доза вакцина алынған.


«Мамандар ауруға душар болатындардың дені вакцина қабылдамағандар», – дейді.


Қызылша ауруының D8 және B3 вирусы елімізге Еуропа мен Азиядан тарады. Бұл қоздырғыштар әсіресе жүкті әйелдерге қауіпті. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда науқастардың саны 3 процентке өскен. Бүгінде елімізде 80 адам ем алып жатыр. Олардың 84 проценті балалар.


Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:


- Ең тиімді тәсілі – ол вакцинация. Ертең ауырып қалады. Ол бірінші қатер, асқынуы пневмония, миға байланысты, болашақта болатын зақымдар. Балалар агрессивті болады, психологиялық ауытқу болады. Осыны еске алып, балалар уақытында вакцинациядан өтуі керек.


Бүгін қызылшаға қарсы қосымша екпе басталды. Үндістаннан алынған препаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған, әлемнің 70 елі пайдаланады.


Белгілі болғандай, қауіпті қоздырғыштар ел аумағында өршіп тұр. Бөртпе шыққанға дейінгі және содан кейінгі 4 күн аса қауіпті. Сондықтан ауырмаудың жолын іздеу маңызды.


Мамандар вакцина тапшы заманда туған балалардың бүгінгі ұрпағында иммунитет төмен дейді. Әлемде белең алған «Кабул», «Дублин» қоздырғыштарынан көз жұмған адамдар бар. Сондықтан қосымша иммундау шарасынан қалыс қалмау керек. Бұл үшін 478 мың доза вакцина алынды.


Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:


- Оған қарамастан, жоспарлы түрде жылда келетін 651000 дозасын алып отырмыз. Бірінші сәуірден бастап қосымша иммундау жүйесі басталады.


Ал қызылшаға қарсы екпе бала 1 жасқа толғанда және 6 жасында салынады. Айта кетейін, өткен жылы 5300 адам түрлі себеппен екпеден бас тартқан, бірақ оның 3000-нан астамы қайта келісімін берді.


24.kz


 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 09:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30