Денсаулық

Елімізде СOVID-19 вирусынан жазылғандардың саны 1 мыңға жетті

  • Елімізде СOVID-19 вирусынан жазылғандардың саны 1 мыңға жетті

    Елімізде СOVID-19 вирусынан жазылғандардың саны 1 мыңға жетті

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде мыңыншы науқас коронавирустан жазылғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айуынша, індеттен жазылған әйел Қызылорда облысынан, жасы 30-да екен.

"Ол 16 сәуірде Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Науқас коронавирус жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған. Оның жағдай орташа ауыр болды. Дене температурасы 38 градусқа дейін көтіріліп, құрғақ жөтелі, әлсіздік белгілері байқалды. Науқастың өкпесіне рентгенография жасалып, өкпесінің сол жағы қабынғаны (пневмания) анықталды. Әйелге "COVID-19 коронавирус инфекциясы" деген диагноз қойылды", - деп жазды министр Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Біртанов науқастың жағдайы орташа болғанын айтады. Тиісті емдеу шаралары жүргізілген соң, науқас коронавирусқа 2 рет тест тапсырыпты. Сынама теріс нәтиже көрсеткен.

"Ауруханадан шығардың алдында науқас денсаулығына шағым түсірген жоқ. Дәрігерлер оған 21 күн үйдегі карантинде отыруға кеңес берді. Мен алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Жарайсыздар! Рақмет!", - деп жазды Біртанов.




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 18:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31