Денсаулық

Елімізде сәбилердің шашы ағарып, жеткіншектердің шашы түсіп жатыр

  • Елімізде сәбилердің шашы ағарып, жеткіншектердің шашы түсіп жатыр

    Елімізде сәбилердің шашы ағарып, жеткіншектердің шашы түсіп жатыр

Дәрігерлер дабыл қағуда. Айтуларынша балалар арасында диабеттен бөлек өзге де дерттер дендеуде. Шаштың ағаруы түрлі тері аурулары. Тіпті соңғы 5 жылмен салыстырғанда әлгі аурулар мектепке дейінгі балалар арасында тым жиі кездесетін болаған.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Диабет, семіздік, алопация! Құлаққа түрпідей естілетін аурулар қазір балалар арасында дендеп бара жатқаны үйреншікті жағдайға айналды. Тағы бір алаңдатарлық жағдай - олардың қатарына түрлі тері аурулары мен шаштың ағаруы да қосылды дейді мамандар.

"Қазір тері бұзылыстарымен келеді, дақтар, ақ дақтар, шаштарының түсуі, ағаруы жиі келеді. Қазіргі таңда 50-60 процентке артты, келіп жатқан науқастардың саны да артты", - деді педиатр-дәрігер Сымбат Мұратова. 

Эндокринологтер да мұндай жағдайлардың балалар арасында жиі кездесетенін растайды. Ең сорақысы, әлгі алопеция 1,5 жасар сәбиде де кездессе, ақ шаш 5-6 жастағы балаларда байқалуда.

"Ең жас 1,5 жас балада ошақ болып түсіп қалады ғой, шашы түсіп қалған. Не ішеді дегенде күнде трубочкамен ішеді. Ол өте көп қант мөлшерлі, 6-7, 14 жаста ағаруы. Минералдар дәрумендер біткен кезде біздің шаш ағара бастайды", - деді эндокринолог Гүлжан Аманбай. 

Бір қасық қанттың өзі имунитетті 4 сағатқа төмендетеді екен. Мәселен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бүгінгі таңда мектепке дейінгі балалардың тең жартысы анемияға шалдыққан.  Ал оның салдары жетерлік.

"Егер де бала күніне тәтті сусын, печенье, торт, ақ нан, күріш көп жейтін болса, қант көбейеді, микрофролар өліп қалады. Олар өліп қалса дәрімендер жетіспейді. Ол анемияға алып келеді", - деді эндакринолог Гүлжан Аманбай. 

Трихологтер  шаштың ағару процесі 30-40 жастағыларға қалыпты жағдай дейді. Алайда балаларда ерте пайда болуы тұқым қуалаушылық пен дәрумендердің жоқтығымен байланысты!

"Негізі генетикалық жағдайда жиі кездеседі. Сондай-ақ, микро-макра элементтердің жетіспеуі де әсер етеді. Одан бөлек, сыртқы факторлардың да ықпалы бар. Ал кішкентай балаларда ақ шаштың кездесу нормадан тыс болып саналады. Қазіргі балалар дұрыс тамақтанбайды және де көкөністер мен жеміс-жидектерді жегенді ұнатпайды. Салдарынан ағзада дәрумендер тапшылығы пайда болады", - деді трихолог дәрігер Анар Әйтенова.

Қысқасы, біздің шашымызда  минералдар мен дәрумендердің болашаққа сақтаған депозиті секілді. Яғни, қартайғанда, ағза қажетті дәрімендерді шаштың құрамынан алады. Сондықтан дұрыс тамақтану, спорт және уақтылы ұйықтау келешек ұрпақтың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі екенін әрбі ата-ана білуі тиіс дейді дәрігерлер.

stan.kz




Көрілген: 820    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 08:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31