Денсаулық

Елімізде вакцина алғандарды есепке алатын «Антиковидтік паспорт» әзірленді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Коронавируспен күреске цифрлық технологиялар қарқынды енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Елдегі індетпен күрес және іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында цифрлық технологиялар қарқынды енгізіледі. Вакцина алған тұлғаларға мониторинг жүргізу және оларды есепке алу үшін «Антиковидтік паспорт» әзірленді. «Ashyq» жобасын маштабтау және қолданыстағы бизнес субъектілерінің жұмысын қамтамасыз ету әрі қызметтің тыйым салынған түрлерін іске қосу үшін оны «Антиковидтік паспортпен» интеграциялау жүргізіледі. Мониторинг топтары жұмысының тиімділігін және ашықтығын арттыру үшін ұялы байланыс операторларының иесіз мәліметтері негізінде «Жылылық картасы» енгізіледі», - деді министр.

 

Сонымен қатар ол бос емес төсек-орын қорына басымдық бере отырып, елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының қосымша критерийлері әзірленіп, ведомствоаралық комиссияның бекітуіне ұсынылатындығын айтты.

 

«Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген аталған технологияларды кешенді түрде қолдану эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттырады», - деді Алексей Цой.

 

 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31