Денсаулық

Еліміздегі науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмек Ресейде сатылып кеткен

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Қатерлі ісікке шалдыққандарға тегін таратылған дәрі-дәрмек Ресей дәріханаларында сатылған. Еліміздегі науқастарға ақысыз үлестірілгенімен, негізі бұл препараттардың әр қорабының өзі миллион теңгеден асады. Бюджеттің миллиардтарына алынған дәрі-дәрмектің көрші елге қалай жеткені әзірге белгісіз.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы:

- Бізге «Ресейде қазақстандық мөрмен дәрідәрмектер сатылып жатыр» деп науқастар хабарлап айтты. «СК-Фармация» сатып алатын бұл препараттарға мөр тек тегін таратылатын жағдайда ғана басылады. Біз тексеріс жүргізуді бастадық. Егер дәрі-дәрмектердің заңсыз тасымалданғанын анықтасақ, істі сол мезетте Бас прокуратураға жолдаймыз.

Дәрі-дәрмектер терінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға арналған. Денсаулық сақтау министрлігі адам өміріне маңызды дәріні ресейліктерге кімнің заңсыз тасымалдағанын анықтап жатыр.

Ведомство кінәлілерді табу оңайға соқпайтынын жасырмады. Өйткені медикаменттер тек 11 стационарға жеткізілген.

Мұндай жағдай елімізде алғаш емес. Жылдың басында қазақстандықтарға арналған инсулин Өзбекстан дәріханаларында сатылған. Ол кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңсыз жеткізгендердің табылып, 28 қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

ktk.kz

 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 12:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29