Денсаулық

Еліміздің бас санитария дәрігері қазақстандықтарға үндеу жолдады

  • Еліміздің бас санитария дәрігері қазақстандықтарға үндеу жолдады

    Еліміздің бас санитария дәрігері қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов шетелге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы нашар елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған бәріңізге мәлімдеме жасағым келеді.

 
Мен коронавирус инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропа, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Бұл елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекорд көрсеткіш көрсетіп жатыр.

Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіреді деп дабыл қақты.

Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екенін ұмытпаңыз", - делінген бас санитария дәрігерінің хабарламасында.

Бұған дейін ДДҰ коронавирустың жаңа штамы тез таралса, Үндістандағы жағдай әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін деп ескерткен болатын.




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 09:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30