Елорда әуежайында «қызыл» мәртебемен 39 жолаушы анықталды

17 мамыр 2021, 17:00

Бір апта ішінде Ashyq қосымшасы көмегімен «Нұр-Сұлтан» әуежайында «қызыл» мәртебеге ие 39 жолаушы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Ал 36 жолаушы «сары» мәртебелі болған. «Қызыл» мәртебесі бар жолаушыларға жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға жатқызылды.