Денсаулық

Елорда тұрғыны емханада вакцинаны қалай салдыртқаны туралы айтты

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Ең алдымен екпені COVID-19-бен алғы шепте күресіп жүрген медицина қызметкерлері ала бастады. Енді медқызметкерлерден бөлек, қарапайым халық та вакцинациялануда. Осы ретте елорда тұрғыны Сабина Хасен вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайымен бөлісті.

 

Сабинаның сөзінше, ол 4 сәуір күні Нұр-Сұлтандағы №9 қалалық емханада вакцина алды. Негізі екпе дегеннен қорқатынмын, дегенмен осы жолы ештеңе сезбедім. Қарағандыда өндіріліп жатқан ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырдым. Вакцинаны салардың алдында медбике қандай екпе екенін көрсетіп, таныстырды.

 

Бұл – мен салдырған вакцинаның бірінші кезеңі. Екіншісін, 21 күннен кейін аламын. Қашан, қай уақытта келіп, вакцина салдыратыным туралы телефоныма хабарлама келеді, - дейді елордалық.

 

Ол вакцина алғаннан кейінгі әсері туралы айта кетті.

 

Вакцинаны алған күні ешқандай жанама әсерін байқамадым. Кеше әлсіздік және дене қызуым аздап көтерілді. Алайда, бұл – барлығында кездесетін вакцинаның әсері. №9 емхана дәрігері мен медбикелерге алғысымды білдіремін. Олар бәрін рет-ретімен және шыдамдылықпен түсіндіріп жатыр, - деп алғысын айтты Сабина.

 

Сабина Хасен былтыр коронавирус инфекциясымен ауырып шыққан. Вакцинаны тұрғылықты мекенжай бойынша орналасқан емханада жасауға болады.

 

Емханаға барып, вакцина алу үшін тіркелу қажет. Терапевтке кірген соң, ол қан қысымын, температура, сатурацияңызды тексереді. Содан кейін барып қана вакцина салады. Вакцина салғаннан кейін күту бөлмесінде жарты сағат уақыт отырасыз. Бұл процесс аллергия және басқа да әсерлердің алдын алу үшін қажет, - дейді нұр-сұлтандық тұрғын.

 

Оның сөзінше, мұның бәрі емханада жасалады.

 

Адамдарға вакцина туралы ақпарат беру баяу жүргізілуде. Жалпы вакцинаның әсері туралы ғана емес, қандай мекемеде жасауға болатыны, мекенжайы мен нөмері толық берілуі тиіс. Әр жерде әр түрлі мәлімет. Бірізділік болғаны дұрыс. Нақты ақпарат жетіспеген соң, кейбірі медицинада білімі, сауаты жоқ блогерлерді тыңдауда. Өзім инстаграмдағы medsupportkz парақшасына жазылғанмын, бұл - дәрігерлер мен ғалымдардың қауымдастығы. Ол жерде көп ақпарат толық, түсінікті әрі екі тілде берілген, - деп тоқталды ол.

 

Елордалық айтқандай, вакцина салынса да, КВИ жұқтырып алу қаупі сақталады, сол себепті қауіпсіздік шараларын сақтап жүру керек. Сабинаның ата-анасы да вакцина алды. Қазір олардың да жағдайы жақсы.

 

 

 

baq.kz

 

 

 

 




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 12:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31