Денсаулық

Елордада дәрігерлер қайтыс болған науқасты "тірі" деп хаттама толтырған

  • Көрнекі сурет.  ©korrespondent.net/

    Көрнекі сурет. ©korrespondent.net/

Елордалық дәрігерлер қайтыс болған науқасты, "тірі" деп хаттама толтырған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында белгілі болды.

Төрт жылдан бері әділдік іздеп жүрген Шухрат Таджиддинов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтан көмек сұрайды.

Айтуынша қалалық аурухананың біріне асқазына ауырып жатқызылған әжесіне дәрігерлер араша бола алмаған. Ең сорақысы, науқасты үйіне тірі күйінде жібердік деп хаттама толтырған, деді.

Астаналық азамат ауруханадан денесін алып шықтым деп отыр. Дәрігерлердің үстінен талай рет арыз жазғанмен, нәтижесі жоқ деп ашынды.

Шухрат ТАДЖИДДИНОВ, НҰР-СҰЛТАН ТҰРҒЫНЫ:

- Дәрігерлер оның медициналық картасын да өзгерткен. Онкологиялық ауруы болып деп жазып қойыпты. Ондай болған емес. Медициналық экпертиза жасап көрсе болады. Осы жағдай бойынша талай рет сотқа арыз жаздым. Бірақ, істі жылы жауып қоя береді.

Министр бұл жағдайды өз бақылауына алатынын айтып, қала тұрғынына қайтадан арыз жазуға кеңес берді.

Бұдан бөлек, қоғамдық қабылдауға 70-ке жуық арыз-шағым түсті. Олардың арасында алаяқтық, зорлық-зомбылық және адам өлтіру қылмыстары бар.

Негізінен жергілікті құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағымданушылар көп.

 astanatv.kz




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31