Денсаулық

Елордада жалған ПТР анықтамасын жасайтындар ұсталды

  • http://hommes.kz/

    http://hommes.kz/

Елордада жалған ПТР анықтамаларын сатудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

«Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері жеке медициналық орталықтың директорын ұстады. Ол теріс нәтижелі ПТР-тест тапсырғаны туралы жалған анықтама сатқан деген күдікке ілінген. Орталық басшысы заңсыз қызмет көрсеткені үшін «клиенттерден» 6 мың теңгеден алып отырған. Қазіргі уақытта полиция ПТР анықтаманы заңсыз алған адамдардың нақты санын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінге хабарламада.

 

Сондай-ақ, полиция елден тыс жерде жүрген ҚР азаматы 5500 теңгеге теріс нәтижелі ПТР анықтамасын электрондық нұсқада дайындап, сатқанын анықтады.

 

Анықтамаларды Телеграмм мессенджері арқылы жіберіп отырған. Ел аумағына келгеннен кейін күдіктіге қатысты қылмыстық заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады.

 

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша жалған құжаттарды дайындау және өткізгені үшін ҚР ҚК 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Полиция қызметкерлері елорда тұрғындарына жалған анықтамалар беру фактілерін анықтау бойынша бірқатар медициналық орталықтарға, емханаларға, вакцина алу пункттеріне тексеру жүргізді.

 

Естеріңізге сала кетейік, жалған құжаттарды дайындағаны немесе сатқаны үшін ҚР ҚК 385-бабына сәйкес 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 19:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30