Денсаулық

Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 24%-ке өсті

  • https://www.aa.com.tr/

    https://www.aa.com.tr/

Елордада тәулігіне 230 адамнан вирус анықталуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бір ай бұрын күніне жүзден аса адам тіркелетін. Соңғы аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 24%-ке өскен. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Бас қала 17 күннен бері «қызыл» аймақта тұр.

 

«Сақтық шараларын күшейтпесек, індеттің қайта өршуі мүмкін», - дейді мамандар.

 

Қазір қалада 480 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың 55-і жансақтау бөліміне жатқызылған. 14 науқас жасанды демалу аппаратына қосылған. Соңғы аптада науқастармен байланыста болғандар саны да 10%-ке өскен.

 

Тимур Мұратов, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 

- Бүгінгі таңда қаламызда коронавирустың бүгінгі жағдайы тұрақсыз. Індеттің өршуі бойынша елорда әлі «қызыл» аймақта тұр. 14 наурыздан бастап инфекцияны жұқтыру 24%-ке өсті. COVID-19 науқастардың өсімі Наурыз мейрамынан кейін байқалды. Бұл санитарлық нормаларды сақтамай, адамдар шоғырланған орындарға бару, карантиндік режимді бұзудан болып отыр.

 

Наурыз айында оффлайн оқитын балалар арасында вирус жұқтыру 10%-ке өскен. Жыл басталғалы 145 оқушы ковидпен ауырған. Жалпы осы індет таралғалы балалар арасында 1590 жағдай тіркеліпті. Осы айда 2 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында ауырғандар саны 1,5 есеге өскен. Мамандар бұл жағдайға алаңдап отыр.

 

Сархат Бейсенова, қаланың бас санитар дәрігері:

 

- Өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында аурудың 1,6 есеге, яғни 210-нан 339-ға дейін өсуі байқалады. Қазіргі таңда белсенді ошақтар саны – 1517. Оның ішінде үй ошағы – 987, ұйымдастырылған – 538.

 

Қазір елорда дәрігерлері екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр. 11 стационар ұйымдастырылды. Қажет болған жағдайда 3 медициналық мекеме жанынан 300 төсек-орын ашылуы мүмкін.

 

Елордада 10 мыңға жуық адам вакцина алған. Олардың жартысы дәрігерлер. Сәуір айының екінші жартысынан бастап қала тұрғындарын жаппай вакциналау басталады.

 

 

 




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31