Денсаулық

Елордада тіс дәрігеріне барғаннан кейін 1,5 жыл комада жатқан бүлдіршін көз жұмды

  • Көрнекі фото:  https://cripo.com.ua/

    Көрнекі фото: https://cripo.com.ua/

Нұр-Сұлтандағы "Доктор Бро" тіс емханасына барғаннан кейін бір жарым жыл бойы комада жатқан Алиса Зеленаяның көз жұмғаны белгілі болды. Ақпаратты елорданың денсаулық сақтау басқармасы растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Қызының өлімі туралы Алисаның анасы Instagram парақшасында хабарлады.

 

"Бүгін 13:50-де Алиса періште болды", - деп жазды келіншек.

 

Сондай-ақ, ол өзіне мыңдаған адамның хат келгенін айтты.

 

"Мыңдаған хабарлама келді. Мен бәріне жауап бере алмаймын. Кешіріңіздер. Бәрі көмектесіп, қолдау көрсеткен соң бірден осында жазып отырмын. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет. Кімде-кім көмектескісі келсе, барлық мәлімет парақшамда тұр. 1,5 жыл ішінде өте көп қиындық болды. Қымбаттыларым, рақмет. Маған өте ауыр. Біз сот-медициналық сараптамасын жасағанын күтіп отырмыз. Бәрі аяқталған соң міндетті түрде күресті жалғастырамын. Бәрін жақсы көремін және құшақтадым", - деп жазды Алисаның анасы.

 

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы баланың өлімін растады.

 

"Өкінішке қарай, бүгін қыз бала №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында көз жұмды. Қыздың анасы мен туыстарына көңіл айтамыз. Дәрігерлер осы уақыт аралығында қолынан келгеннің бәрін жасады. 1,5 жыл бойы ол дәрігерлердің бақылауында болды. Бірақ, өкінішке қарай пациентті құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бүлдіршін комаға түскен тіс емханасында бірқатар заң бұзушылық анықталғаны туралы хабарлаған едік.

 

Сонымен бірге, дәрігерлер анестезиядан соң қалың ұйқыға кеткен бүлдіршіннің жағдайын қанша қажет болса, сонша бақылауда ұстайтынын айтқан болатын.

 

Ал Алисаның анасы "Доктор Бро" стоматологиясының атауын өзгертіп, жұмысын жалғастырып жатқанын жазған еді.

 

 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 20:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31