Денсаулық

Елордада тісін емдеткеннен кейін 2 жасар бала комаға түсті

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын өз бақылауына алды.

Айта кетсек, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында екі жарым жастағы баласының 26 желтоқсанда стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз қалғанын жазған болатын.

Бала 11 тәуліктен бері есін жия алмай жатыр. Осы оқиғаға байланысты Елжан Біртанов түсінік берді.

«Жағдайды бақылауымда ұстап отырмын. Өкінішке қарай, баланың жағдайы өте ауыр. Бірақ, дәрігерлер тарапынан медициналық көмек барынша көрсетілуде. Оған толыққанды деңгейде жәрдем беріледі», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Қыздың анасы қаладағы ауруханалар баланы қабылдамай жатқанын жеткізді. Қазір екеуі балалардың инфекциялық ауруханасында жатыр, әйелдің айтуынша, бұл жер әлсіз сәби үшін қауіпті.

Сонымен бірге, министр ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековаға аталмыш стаматологиялық клиниканы тексеруді тапсырды.

 ktk.kz




Көрілген: 180    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 10:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30