Денсаулық

Елордадағы сауда үйлерінде вакцина қабылдағандарға түрлі сыйлық таратылды

  • © azattyq-ruhy.kz/

    © azattyq-ruhy.kz/

Сауда орталықтары мен сауда үйлерінде вакцинацияланғандарға сыйлықтар таратылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Сарыарқа» сауда орталығында вакцинацияны насихаттау үшін жеңілдік купондары таратылады.

 

«Бізде вакцинация пункті 12 мамыр күні ашылды. Күн сайын 10:00-ден 22:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Вакциналанғандар үшін Actual Optic-тен 5 мың теңгеге жеңілдік купоны беріледі. Сондай-ақ, олар бланкті толтырған соң «Кинопаркке» жеңілдік ала алады. Ересек адамға – 1500 теңге, студенттерге – 1200 теңге», — деді СОО әкімшісі Ажар Әбілғазина.

 

Аталмыш СОО-дағы дәрігерлердің жұмысына жұртшылық жылы лебіздерін білдірді.

 

«Мен вакцинаның екінші компонентін алдым. Ол жайлы оң пікірдемін. Дәрігерлер кері әсерлері секілді болуы мүмкін жағдайдың бәрін түсіндіреді. Алғашқы компонентінен кейін жанама әсерлері болған жоқ. Бәрі жақсы өтті», — деді елорда тұрғыны Дияр Тасым.

 

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам пункті ашылған: БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО-лар мен сауда үйлерінде. Олардың қатарында "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Сарыарқа", "Еуразия", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Биг Шанхай", Орталық базар, "Әлем" бар.

 

Вакцинация пункттері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау жүргізіп жатыр.

 

 

 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31