Денсаулық

Ем қабылдағандардың 60 пайызы шұғыл жағдайда жеткізілген

  • Ем қабылдағандардың 60 пайызы шұғыл жағдайда жеткізілген

    Ем қабылдағандардың 60 пайызы шұғыл жағдайда жеткізілген

Өткен жылы алматылық дәрігерлер миллионнан астам скринингтік тексерулер өткізген. Профилактикалық мақсаттағы тексерулерден өткендердің 475 мыңы кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Филиал мәліметінше, Алматы тұрғындары өткен жылы емханаларға 9,9 млн рет барған. Олардың үштен бір бөлігі дәрігерлер көмегіне бала денсаулығына байланысты жүгінген.

Жалпы, тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханаларда ем қабылдаған 290 мыңға жуық адамның ішінде 70 мың бала да бар. Олардың әр қайсысы ауруханада орта есеппен 8 күн жатқан. Тағы бір айта кетерлігі, науқастардың 60 пайыздан астамы ауруханаға шұғыл жағдайда жеткізілгендер.

Сондай-ақ, алматылық хирургтер 2018 жылы 109 мың ота жасаған. Операциялардың жартысына жуығы – ауруханаға ауруы асқынып, шұғыл жағдайда жеткізілген науқастарға жасалыпты. Ал, күндізгі стационарлардың қызметін пайдаланғандар саны 108 мыңға жетіп жығылады. Оған қоса, оңтүстік астана дәрігерлері 43 мыңға жуық әйелді аман-есен босандырып алған, делінген хабарламада.

Қалалық денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстардың бір ұштығы профилактикалық шараларға қатысты. 2018 жылы тексерілген 145 мың адамның 9 мыңынан қан айналым жүйесі ауруларының белгілері анықталған. 150 мың адамның мыңға жуығының қант диабетіне шалдыққаны белгілі болыпты.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс бойынша жұртшылыққа тегін кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіледі. 2018 жылдан бастап аталған пакетті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландырады. Өткен жылы МСҚ Алматы қаласы бойынша халыққа тегін қызмет көрсеткен 171 клиникаға 99,5 млрд теңге төлеген болатын. Ал, 2019 жылы қала бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын медицина ұйымдарының саны 185-ке жетіп отыр.

 




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.02.2019, 18:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31