Денсаулық

Ем іздеген әйелдер қалай алданады - гинеколог

  • https://madez.ru/

    https://madez.ru/

Қазақстандық акушер-гинеколог Әйгерім Төреқұлова кейбір дәрігер ойға қонымсыз ем тағайындап, әйелдерді қалай алдап соғатынын айтты.

 

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

 

Біріншіден ол түсік тастау, аборт, дамымаған жүктілікке қатысты қалыптасқан пікірлерді жоққа шығарды.

 

Ішке бітіп, кейіннен түсіп қалған баланы жатырға қайта салу мүмкін емес нәрсе. Сондай-ақ дамымай қалған жүктілікті түрлі дәрумен ішу арқылы, физиотерапия немесе массаж арқылы қайта жандандырып жібере алмайсыз. Өкінішке қарай, көбінесе оны сізді тыныштандыру үшін және сізден ақша «тарту» мақсатында жасалынады, - дейді акушер.

 

Бұдан бөлек ол әйелдердің жыныс ағзасын лазер арқылы жасарту жөнінде айтты.

 

Қынапты лазер арқылы жасартуға көбінесе операциядан қорқатын адамдар, сонымен қатар ұзақмерзімді әсер бермейтінін біле тұра қанша болса да төлеуге дайын пациенттер жүгінеді. Кіші жамбас ағзалары, яғни жатырдың төмен түсуі мазалайтын болса, бұл жағдайда тек операция көмектеседі. Сосын спорт пен алдын алуға бағытталған шараларды да ұмытпау қажет, - дейді ол.

 

Соңғы кезде «аналықбез жастығын сақтап қалады» деген желеумен түрлі әдістер қолданылып келеді.

 

Аналық жасушаның физиологиялық «өз-өзін жою» процесін тоқтатын және керісінше олардың санын көбейтетін дәрі-дәрмек болмайды. Тіпті құрама оралды контрацептивтердің (ҚОК) де оған шамасы жетпейді. Егер қазір бала көтеруді жоспарламасаңыз, бірақ кейін балалы болғыңыз келсе, аналық жасушаны «қатырып» қоюға болады, - деп атап өтті Төреқұлова.

 

Дәрігердің сөзінше, эрозияны емдеген кезде көп дәрігер қателесіп, күйдіру керек деп жатады.

 

Эрозияны міндетті түрде күйдіруге жіберетін нақты көрсетілімдер болады. Көп жағдайда дәрігерлер эктопияны эрозияға балап, күйдірмесе болмайды деп шорт кеседі, - дейді ол.

 

Бұдан бөлек гинеколог «спайкаларды» дәстүрлі емес тәсілдермен емдейтіндер туралы түсіндіріп өтті.

 

Ішкі ағзалардың «спайкалары» май, тампон, сүлікпен емделмейді. Ол тек операциялық жолмен емделеді. Егер сізге жоғарыда аталғандардың біреуін ұсынса, ойланбастан ол дәрігерден кетіңіз. Сондай-ақ адам папилломасы вирусының (ВПЧ) да емі жоқ. Яғни арнайы ем жасалмайды. Тіпті иммуномодуляторлар арқылы да емделмейді. 20, 30, 40 күндік курспен дәрумен қабылдау арқылы да вирустан емделе алмайсыз, - деді ол.

 

Оның айтуынша, егер дәрігер 3 және одан да көп парақ ұсыным жазып берсе, гинекологтан «менің дертім өте ауыр ма? Маған не болды?» деп сұрау қажет. Егер нақты жауап ала алмасаңыз, ұсынымның қаншалықты дұрыс екеніне күмәнданғаныңыз жөн.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 20:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30