Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Енесі мен келіні коронавирустан бір күнде қайтыс болды

31 шілде 2021, 13:34

Шымкентте күні кеше бір үйдің келіні мен енесі коронавирустан көз жұмды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған екен деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

 

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды.

 

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Енесі той-томалаққа барып ауру жұқтырады да, ауруханаға түседі. Сөйтіп, ауруханаға түседі артынша ауру жұқтырғаннан кейін аяғы ауыр келіні болады. Ол түседі ауруханаға. Ол келіні вакцина салмаған, енесі де вакцина салмаған. Екеуі 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық».

 

Айта кетсек, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Мамандар індеттен көз жұмғандардың тәжівирусын той-томалақтан жұқтырғанын айтады.