Ерғали Әбдірайымов Қазақстанда балаларға қашан вакцина салынатынын айтты

20 мамыр 2021, 21:53

QAZVAC қазақстандық вакцинасын әзірлеушілер балаларға коронавирусқа қарсы  вакцина салу мүмкіндігі туралы айтты.

 Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов QAZVAC инактивтендірілген вакцина екенін айтты. Сонымен қатар әлемде көптеген орталықтар мен елдер вакцинаның бірнеше түрін әзірлейтінін, оның ішінде балаларға қолданылатыны бар екенін атап өтті.

Маман қазақстандық QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудің бірінші және екінші кезеңі 18 жастан 60 жасқа дейінгі контингентті қамтитынын, бұл нормаларды барлық ел қабылдағанын айтты. Кейінірек кең сынақтар өткізілмек.

«Балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау үшін егжей-тегжейлі сынақтар жүргізілуі керек, вакцинаны одан әрі зерттеу керек. Әлемде балалар мен жасөспірімдерді иммундау үшін коронавирусқа қарсы бірде-бір вакцина мақұлданбаған», – деді Ерғали Әбдірайымов.
 aikyn.kz