Денсаулық

Ғалым қарашада COVID-тен күніне 80-100 адам өледі деп болжады – министрлік не дейді

  • Ғалым қарашада COVID-тен күніне 80-100 адам өледі деп болжады – министрлік не дейді

    Ғалым қарашада COVID-тен күніне 80-100 адам өледі деп болжады – министрлік не дейді

Ең бастысы – денсаулық сақтау жүйесін дайындау және пессимистік сценарийдің орындалуына жол бермеу, деп есептейді ведомство

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі ғалым Алмаз Шарманның қараша айының басында елімізде коронавирустан күніне 80-100 адам қайтыс болуы мүмкін деген сөзіне түсініктеме берді.

"Әр ғалым болжам жасайды. Алмаз Шарманның да ондай құқығы бар. Бастысы үш болжам бар екенін түсіну керек, олардың біреуі пессимистік. Ондай сценарийге де дайындалу қажет. Денсаулық сақтау жүйесінде кем дегенде 55 мың адам қабылдай алатын уақытша орталықтар бар. Емханаларда қажетті дәрі-дәрмектер, қаражат жеткілікті. Ең бастысы – денсаулық сақтау жүйесін дайындау және мұндай сценарийдің орындалуына жол бермеу", - деп жауап берді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Бұған дейін қазақтан шыққан америкалық ғалым Алмаз Шарман Facebook-те Вашингтон университетінің Chris Murray моделіне сәйкес, Қазақстанда қараша айының басында 50 мыңға жуық адам COVID-19 індетін жұқтырып, күн сайын 80-100 адам қайтыс болады деп болжанып отырғанын жазды.

Шарман "Ел үміті" бағдарламасы аясында премьер-министр Асқар Маминнің Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласының менеджерлерімен кездесуіне қатысты.

Ғалым денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және пандемия жағдайында Қазақстан экономикасын жұмылдыру жобасын ұсынды. Ол жан-жақты тестілеу, қарым-қатынас жасағандарды анықтау және өзін-өзі оқшаулау бойынша кең көлемді шаралар қажет деп есептейді.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31