Денсаулық

Ғалымдар COVID-19 пандемиясы қызылша ауруының өршуіне алып келетінін айтып, дабыл қағуда

  • Ғалымдар COVID-19 пандемиясы қызылша ауруының өршуіне алып келетінін айтып, дабыл қағуда

    Ғалымдар COVID-19 пандемиясы қызылша ауруының өршуіне алып келетінін айтып, дабыл қағуда

Денсаулық сақтау саласының мамандары коронавирус пандемиясынан кейін қызылшаның өршіп кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Xinhuanet порталына сілтеме жасап.

Сарапшылар халықаралық деңгейде қызылша эпидемиясына қарсы шаралар қолдану керек дейді. Сөздерінше, биыл әлем бойынша көптеген балалардың ауруға қарсы вакцинациядан өтпегендіктен, келесі жылы қызылша жаппай таралып кетуі ғажап емес. 

 
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәліметінше, 2020 жылы 26 мемлекеттің қазан айында міндетті екпені кейінге қалдырғандықтан, 94 миллионға жуық бала қызылшаға қарсы вакциналаудан өтпей қалған. Бұған қоса, ұйым өкілдері 2019 жылы 9,8 миллион адам ауруға шалдығып, олардың 207-сі ажал құшқанын атап өтті. Бұл соңғы жиырма жылмен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш екен. 

Ғалымдар COVID-19 пандемиясының экономикалық кесірінен әлемде тамақ тапшылығы байқалуда дейді. Бұл өз кезегінде, қызылшаның асқынуына әкеп соғатын көрінеді. 

"Айтып отырғандарымыздың барлығы келесі жылы қызылшаның жаппай таралып қана қоймай, одан сайын өршуіне ықпал ететінін көрсетеді. Өлім деңгейі де артып кетеді. Бұл дегеніміз бірнеше жылдар бұрынғы жағдай қайта келеді деген сөз", - дейді профессор Ким Малхолланд.

Сарапшы осы тұрғыда бірігіп жұмыс істеу қажеттілігін алға тартты. 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 08:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31