Денсаулық

Ғалымдар COVID-ке қарсы дәріні неден жасауға болатынын анықтады

  • Ғалымдар COVID-ке қарсы дәріні неден жасауға болатынын анықтады

    Ғалымдар COVID-ке қарсы дәріні неден жасауға болатынын анықтады

АҚШ-тағы Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің мамандары лама денесінен коронавирусқа қарсы антиденелердің күшті фрагменттерін бөліп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Science журналына сілтеме жасап.

Жұмыс ламаның оған енгізілген SARS-CoV-2 вирусының "шип" ақуызына реакциясын зерттеуге негізделген. Ғалымдар вирустың Лама ағзасына енуінен екі ай өткен соң, оның иммундық жүйесі SARS-CoV-2-ге қарсы жетілген наноденелер шығара бастағанын анықтады. 

 
Әрі қарай ғалымдар SARS-CoV-2-мен ең көп байланысатын наноденелерді анықтады. Олар ламаның басқа антиденелеріне қарағанда тиімді.

"Наноденелер"  деп аталатын лама антиденелері адамның антиденелерінен айтарлықтай аз және коронавирусты бейтараптандыруда жақсы. Сонымен қатар, олар тұрақтылықпен сипатталады. Болашақта оларды COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жасау үшін қолдануға болады.




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31