Денсаулық

Ғалымдар адамның мезгілсіз өліміне әкеп соғатын жаңа факторларды атады

  • CC0 / Michal Jarmoluk

    CC0 / Michal Jarmoluk

Назарбаев Университетінің ғалымдары адамның жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен мезгілсіз қаза болуына әкеп соғатын жаңа генетикалық факторларды тапты.


Олардың айтуынша, бұл жаңалық жүрек ауруларының табиғатын түсініп, алдын алуға мүмкіндік береді. Бірегей зерттеу нәтижелері Plos One ғылыми журналында жарияланған, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.


Жүрек дертінен мезгілсіз қайтыс болудың екі негізгі нұсқасы бар - жүрек минутына 150-300 жиілікпен соғып, ұстап қалуы немесе жүрек бұлшық етінің жиырылмай қалуы. Бұл ауру инфаркттан кейінгі алғашқы сағаттарда адам өліміне себеп болуы мүмкін.


Дерттің қауіптілігі сондай - 5-12% жағдайда ешбір белгісіз, дені сау адамдардың қазасына әкеп соғады. Осы деректерге байланысты ғалымдардың пайымдауынша, жүрек бұлшық етінің жиырылу ритмінің бұзылуы жүрек соғысының аритмиясына ұласуы мүмкін.


Жоба аясында ғалымдар әртүрлі жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан қазақстандық науқастар мен олардың отбасының ДНҚ-сындағы RYR2 генінің өзгеруін зерттеді. Нәтижесінде аурудың қозуына себепші жаңа генетикалық факторларды анықтады. Олардың айтуынша, генетикалық аурулар жүрек бұлшық етінің жасушаларында калий мен кальций иондарының жетіспеуімен байланысты.


 Sputnik




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 09:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31