Денсаулық

Ғалымдар ер адамның белсіздікке шалдыққанын жүрісіне қарап анықтайтын белгіні айтты

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Жапонияның Hirosaki University университетінің ғалымдары белсіздікке шалдыққан ер адамның адымын қысқа алатынын алға тартып отыр. Бұл импотенцияның (эректилді дисфункция) белгісі. Бұл жайында MedAboutMe ақпарат көзі хабар таратты.

Бұл бағытта жүргізілген зерттеуге 324 ер-азамат қатысқан. Ғалымдар олардың аяқ алысына назар аударып, жүрісін қадағалаған.

Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ғалымдар басқан екі қадамындағы қашықтықты (сантимермен) бойының ұзындығына (сантиметрмен) бөлген.

Күншығыс елінде бұл параметр қартаюдың маңызды маркері саналатын аяқтың бұлшық етінің күшін, балансын, икемділігін бағалауда қолданады.

Сонымен қатар, зерттеуге қатысқандардың жыныстық қызметін 25 балды шкала бойынша қадағалаған. 25-22 балдық көрсеткіште эректилді дисфункция мүлдем болмаған, ал бес-жеті балды көрсеткіш интимді өмірінде проблемаға тап болғанын айғақтайды.

Екі қадамының қашықтығы орташа есеппен 153 сантиметрді құрағандардың адамы қысқа саналады, ал 166 сантиметр қалыпты саналады.

Адымын қысқа алғандардың 40 пайызының белсіздіктен зардап шегетіні анықталған.

Бұрын жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, белсіздікке бейім тұратын адамдардың адымының қысқа болуы қуықтың, ішектің жұмыс істеуіне және жыныстық функцияға ықпал ететін жамбас бұлшық етінің әлсіздігімен байланысты болып шыққан. Сол себепті, ер адамдарға жыныстық белсенділігін арттыру үшін жиі жаттығулар жасап тұруға кеңес берген.

islam.kz

 




Көрілген: 2986    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2019, 10:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29