Денсаулық

Ғалымдар жүректің тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады

  • Ғалымдар жүректің тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады

    Ғалымдар жүректің тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады

Мамандардың мәліметінше, жүрек талмасынан қайтыс болғандардың бәрі бұл "сигналдарға" мән бермеген.


Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғуы мүмкін белгілерді атады, деп хабарлайды JAMA Cardiology. Мамандар Финляндияда 1998-2017 жылдары жүрек талмасынан көз жұмған 5 869 тұрғынның медициналық мәліметін зерделеген. Белгілі болғандай, 1322 адамның өлер алдында жүрек талмасы ұстапты. Алайда олар бұдан хабарсыз болғандықтан, дәрігерге жүгінбеген. Ғалымдардың айтуынша, "үнсіз" жүрек талмасы жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғады. Көп жағдайда адамдар мұны сезбей қалады екен. Осы орайда мамандар жүрек талмасына әкелетін белгілерді атады. Олар: жүректің айнуы, асқазандағы ауырлық сезімі, бұлшық еттің ауыруы, шектен тыс тершеңдік, бас айналу, аяқ-қолдың ұйып қалуы, үнемі шаршаңқы жүру, кеуде тұсындағы жайсыздық.


www.ktk.kz


 




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 16:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31