Денсаулық

Ғалымдар қатерлі ісікке шалдықтыратын аса қауіпті азық-түлікті атады

  • © Sputnik / Александр Кряжев

    © Sputnik / Александр Кряжев

Қызыл ет (сиыр, шошқа және қой еті) пен өңделген етті аз мөлшерде болса да, күнделікті жеу ішек қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдығын арттырады, деп хабарлады Оксфорд университетінің зерттеушілері. Ғылыми жұмыстың қорытындысы International Journal of Epidemiology журналында жарияланған.


Зерттеу алты жылға созылыпты. Ол үшін мамандар 500 мың науқас туралы деректер жинаған. Белгілі болғандай, ғылыми жұмыс басталған кезде 40-69 жаста болған адамдар арасында 2 609 рет ішек қатерлі ісігі тіркеледі.


Зерттеушілер қол жеткізген нәтижелерге сүйенсек, күніне 76 грамм қызыл немесе өңделген ет жегендердің онкологиялық ауруға шалдығу қаупі 21 грамм немесе одан аз мөлшерде ет жегендерге қарағанда 20 процентке жоғары болған.


Сонымен қатар, күніне 54 грамм қызыл ет жегендердің арасында ракқа шалдығу қаупі 8 грамм жегендерден 15 процентке жоғары болған. Ал күніне 29 грамм өңделген ет жейтіндерде қатерлі ісікпен ауру ықтималдығы 5 грамм жейтіндерден 19 процент жоғары болыпты.


Қазақстандағы қатерлі ісік дерті


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар арасында сүт безі, өкпе және асқазан обыры кең таралған.


2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда қатерлі ісік диагнозымен 181 000 пациент диспансерлік бақылауда тұр.


2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынған, оның 44,3%-і – ерлер және 55,7%-і – әйелдер.


Sputnik


 




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31