Денсаулық

Ғалымдар қатерлі ісіктің асқынып кетуіне жол бермеудің әдісін тапты

  • © Foto : Fotolia/Capifrutta

    © Foto : Fotolia/Capifrutta

Ұлыбританияның Салфорд университеті ғалымдарды анықтағандай, онкологиялық аурулар рактың дің жасушаларынан басталады, емдеу кезінде соларды нысанаға алу керек, деп хабарлады TheConversation басылымы.


Ғалымдардың айтуынша, қазір рактың қай түрі болмасын бұрынғы әдістер бойынша емделеді: алып тастау, күйдіру және улау. Бұл әдістер негізінен ірі қатерлі ісіктерге қарсы бағытталған. Алайда, шын мәнісінде ауруды қоздырушы рак жасушаларына қарсы дәрі-дәрмек шығару керек.


Сүт безі қатерлі ісігінің рак жасушаларына жасалған тәжірибе көрсеткендей, құрамында 0,2% ғана рак жасушасы бар дің жасушаларының сипаттамасы мүлдем басқадай. Олар көп мөлшерде энергия өндіріп, тез көбейеді.


Ғалымдар атап өткендей, дертке шалдыққан жасушалар тіршілігін жалғастыру үшін "күресіп", белсенді түрде көбейе бастайды. Және дені сау ұлпаларға сүйеніп қана қоймай, қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, метастаз пайда болады.


Бұл жасушалар жарықты шағылыстырады, сол себепті оларды тез тауып, дәрі-дәрмектің көмегімен, көбеюін тоқтату керек.


Осы әдістің арқасында қатерлі ісік диабет сияқты емдеуге болатын созылмалы ауруға айналады. Қазір ғалымдар рак жасушаларына қарсы дәрі ойлап табумен айналысып жатыр.


Sputnik


 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31