Ғалымдар коронавирусты симптомсыз тасымалдаушылар үлесін есептеді

15 желтоқсан 2021, 12:19

Бейжің университетінің ғалымдары JAMA Network Open журналында коронавирусты симптомсыз тасымалдаушылар үлесін бағалауға қатысты зерттеу нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қытай ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастардың саны бойынша 95 зерттеудің нәтижелерін қорытындылады. Талдауларға және когорттық зерттеулер, сондай-ақ қытай немесе ағылшын тілдерінде жарияланған кейс серияларының зерттеулері кірді. Зерттелген халық арасында симптомсыз жұқтырғандар 0,25 пайызды құрады. Талдау жеке топтарда да жүргізілді. Қарттар үйінде симптомсыз науқастардың пайызы 4,52-ге, әуе және круиздік кеме жолаушыларының арасында - 2,02 пайызға, медицина қызметкерлері мен аурухана пациенттерінің арасында - 0,4 пайызға жетті. 
 
 
Тестілеуден өткендердің ішінде COVID-19 расталған, инфекцияның симптомсыз тасымалдаушылары 40,5 пайызды құрады. Бұл науқастардың көпшілігі медициналық мекемелерге бармаған, дене қызуын өлшеп анықтау мүмкін болмаған. Олардың барлығы дерлік жаппай тестілеу кезінде немесе науқастардың ортасында контактілі бақылау кезінде анықталды.

"Симптомсыз жұқтырғандардың жоғары пайызы олардың қоғамдастықта жұқтыру қаупін көрсетеді. Симптомсыз инфекцияға скрининг жасау SARS-CoV-2 таралуын сәтті бақылауға алған елдер мен аймақтарда қажет. Симптомсыз инфекциялар оқшауланған және расталған инфекциялар сияқты бақылануы керек", - делінген зерттеуде.
Ғалымдардың айтуынша, инфекцияның таралуын бақылауға алу үшін жаппай тестілеу жүргізіп, симптомсыз тасымалдаушылардың қозғалысын шектеп, олардың байланысын қадағалау қажет.