Денсаулық

Ғалымдар коронавирустың аса қауіпті симптомын анықтады

  • фото: TASS / AP

    фото: TASS / AP

АҚШ ғалымдары коронавирустық инфекцияның жаңа қауіпті симптомын ашты.

 

Бұл туралы зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасай отырып MedicalXpress хабарлады.

 

Инфекцияны жұқтырған 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған.

 

Энцефалопатия &ndash тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы.

 

Ғалымдар аурудың коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі екенін атап өтті.

 

Сонымен қатар коронавирусты жұқтырғандардан неврологиялық ауытқудың басқа белгілері де байқалды &ndash бас ауруы мен бұлшықет ауруы, бас айналу.

 

Зерттеу шеңберінде ғалымдар коронавирустық инфекцияны жұқтырған 500-ге жуық адамның деректерін зерттеп, олардың 45%-інде бұлшықет ауруы, науқастардың 1/3 бөлігінде энцефалопатия және бас айналуы байқалғанын анықтады. Энцефалопатияға шалдыққан науқастар арасындағы өлім-жітім (22%) коронавирустың қарапайым түрімен ауыратындарға (3%) қарағанда жоғары болған.

 

 

24.kz




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30