Денсаулық

Ғалымдар мутацияға ұшыраған коронавирус балалар үшін қауіпті екенін айтты

  • Ғалымдар мутацияға ұшыраған коронавирус балалар үшін қауіпті екенін айтты

    Ғалымдар мутацияға ұшыраған коронавирус балалар үшін қауіпті екенін айтты

Ұлыбританиялық профессор Нил Фергюсонның айтуынша, бұрынғысына қарағанда коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі балалар үшін жұқпалы болып келеді деп жазады РИА Новости

Imperial College профессоры, жаңа және пайда болған респираторлық вирустық қауіптер туралы үкіметке қарасты консультациялық кеңестің мүшесі Нил Фергюсонның сөзінше, COVID-19-дың жаңа түрі балалар үшін қауіпті.

"Біз коронавирустың жаңа түрі туралы көбірек ақпарат жинауымыз керек. Бұл вирустың қалай әсер ететіні туралы қызықты эпидемиологиялық тенденциялар бар және оны балалардың жұқтыру бейімділігі жоғары. Біз мұны статистикдан көре аламыз", - дейді Фергюсон.

Оның сөзінше, ғалымдар жаңа мутацияны зерттеуді жалғастыруда. Мамандар қазірдің өзінде вирустың бұл түрі бұрынғыға қарағанда кем дегенде 50%-ға жұқпалы екендігін растаған. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеген еді.

Оның сөзінше, мутацияға ұшыраған коронавирустың жаңа түрі өте жылдам таралуына байланысты Ұлыбританиядағы күшейтілген шектеу шаралары бірнеше айға созылуы мүмкін.

"Бұл (жаңа штамм - ред.) - үлкен мәселе, адамдарды қорғау үшін әзірге вакцина сала алмаймыз. Алдағы айларда әлем мұнымен бетпе-бет келеді", - дейді Хэнкок.

Министрдің айтуынша, санитарлық ережелерді сақтап, әлеуметтік байланыстарды қысқарту керек. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2012    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28