Денсаулық

Ғалымдар саумал мен бактерияны біріктіріп дәрі жасады

  • Ғалымдар саумал мен бактерияны біріктіріп дәрі жасады

    Ғалымдар саумал мен бактерияны біріктіріп дәрі жасады

Назарбаев Университетінің ғалымдары саумалды ішек бактериясымен біріктіріп зерттеу жасады, деп хабарлайды Massaget.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

National Laboratory Astana ғалымдары зертханада сегіз жыл бойы өсірген Lactobacillus rhamnosus атты бактерияның ішек жолдары ауруларын емдеуге қауқарлы екенін анықтаған. Атап айтқанда, дисбактериоз бен іш ауруын туғызатын патогенді бактерияларды жоя алатын қасиеті бары дәлелденді.

Зерттеу нәтижелері арқасында бактерияның дәрілік қуатын арттыру үшін жаңа сауылған қымызбен біріктіріп, пребиотик жасап шығарды.

- Саумал адамның микрофлорасын реттеп, ішек жолдарын қалпына келтіруге өте пайдалы, пребиотик ретінде жарамды. Қымыз зат алмасуды жақсартып, адамның иммунитетін көтереді, қартаюдың алдын алады. Мұны біздің ғалымдар мен басқа да ғалымдар тобының зерттеген еңбектерінен білуге болады, - дейді НУ National Laboratory Astana зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Самат Қожахметов.

Зерттеу нәтижелерін пайдаланып ғалымдар бактерия мен саумалды қосып Saumet атты табиғи қоспа дайындап шығарды. Оны шығаратын зауыт Қарағанды облысында. Сауылған саумал танкердің ішіне құйылып сақталады. Пастерлеуден өткізіліп, 4 градус температурада салқындатылады. Дайын өнімге бактерия бөлшектері қосылып, капсула түрінде шығарылады.

Қожахметовтің айтуынша, табиғи қоспа ҚР Президенті іс басқармасы жанындағы Санитарлы-эпидемиологиялық сараптама орталығының тексеруінен өткен. Сапа жағынан оң баға берілді.

- Saumet ағза жасушаларынан қоршаған ортадан келетін зиянды заттардан қорғап, иммунитетті көтереді. Радиотерапея мен ем-домнан кейін сауығуға пайдасы көп. Іштің ауруы, диарея, күйзеліс пен климат ауысқан кезде ағзаның бейімделуіне көмектеседі, - дейді Самат Қожахметов.




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 00:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30