Денсаулық

Ғалымдар тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса не болатынын анықтады

  • Ғалымдар тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса не болатынын анықтады

    Ғалымдар тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса не болатынын анықтады

Ғалымдар дұрыс ұйықтамайтын адамдардың жүрек талмасына шалдығу қаупі қаншалықты жоғары екенін анықтау үшін жеті жыл зерттеу жүргізді

АҚШ-тың Боулдер қаласындағы Колорадо университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, дұрыс ұйқының болмауы мен көп ұйықтаудың қандай қаупі бар екенін анықтады. Ол үшін жеті жылға жуық уақыт қажет болған.

Сарапшылардың пікірінше, егер адам темекі шекпесе, дене жаттығуларымен айналысса және жүрек-қан тамырлары ауруларына генетикалық бейімділігі болмаса да, аз немесе шамадан тыс көп ұйықтау жүрек талмасының пайда болу қаупін арттырады, деп хабарлайды Medical Xpress.

Зерттеу көрсеткендей, жүрек талмасының генетикалық тәуекелі жоғары адамдар үшін тәулігіне 6-9 сағат ұйықтау жүрек ұстамасын болдырмауға көмектеседі.  

"Сау жүрек жайлы айтар болсақ, ұйқының ұзақтығы шешуші фактор атқарады, оған осы зерттеу дәлел бола алады", - дейді зерттеу авторларының бірі, интегративті физиология кафедрасының доценті Селин Веттер.

Ғалымдар жеті жыл бойы 40-тан 69 жасқа дейінгі 461 мың қатысушының генетикалық ақпаратын, ұйқы режимі мен медициналық көрсеткіштерін талдаған.

Нәтижелер тәулігіне алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдардың жүрек талмасына шалдығу қаупі 20%-ке жоғары екенін көрсетті. Ал тоғыз сағаттан көп ұйықтайтын адамдардың жүрек талмасына ұшырау ықтималдығы 34% -ке көп болған.

Сонымен бірге зерттеуде жүрек ауруына бейім келетін адамдар күніне алтыдан тоғыз сағатқа дейін ұйықтаса, жүрек талмасы қаупін азайтуы мүмкін екендігі аталып өткен.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2019, 12:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29