Денсаулық

Ғасыр індеті жайлы не білген жөн?

  • Ғасыр індеті жайлы не білген жөн?

    Ғасыр індеті жайлы не білген жөн?

1 желтоқсан – Жүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні.


Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 2016 жылы 26 мың адам ВИЧ тырнағына ілінген екен. Дәл сол жылы вирусты тағы үш мыңға жуық адам жұқтырып, тағы мыңға жуық науқас СПИД-тен көз жұмған. Жалпы, соңғы 8 жыл ішінде ВИЧ жұқтырғандар саны 39%, одан қайтыс болғандар 32% артқан.


ВИЧ пен СПИД-тің арасындағы байланыс


Адам иммун тапшылығы вирусы иммундық жүйе жасушаларына шабуыл жасайды. Ол ағзаның қорғаныс жүйесіне жауап беретін T-хелперлерді жойып, олардың орнын өздерінің көшірмесімен толтырады. Вирус қанша көп болса, адамның иммунитеті де соншалықты төмен болады. Сондықтан ретровирусқа қарсы терапия қабылдамаған науқас жиі ауыратын болады. Денесінде көк дақтар пайда болып, шыққан жараның жазылуы қиындайды. Емделмеген ВИЧ-тің соңы жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына, яғни, СПИД-ке ұласады. Иммунитет өздігінен инфекцияға қарсы күресе алмайды. Емделмеген адам үш жыл ғана өмір сүреді.


Таралу жолдары


Бұл ауру жайлы білгісі келмейтін қарапайым жұрт ВИЧ секс-индустрия қызметкерлері, гомосексуалистер немесе нашақорлардың ауруы деп есептейді. Бірақ бұл жаңсақ пікір. Себебі, вирус адам ағзасына қан мен шәует арқылы, ана сүті арқылы да таралуы мүмкін. Олбір шприцті пайдаланғанда, жыныстық қатынас кезінде немесе босанған кезде анадан балаға жұғады. Оны медицина құралдары дұрыс зарарсыздандырылмаған жағдайда ауруханаларда жұқтыру қаупі де жоқ емес. Бірақ ВИЧ жұқтырған науқаспен бір стақаннан су ішкеннен, бір сүлгі пайдаланғаннан немесе сүйіскен кезде ауру жұқпайды. Сондай-ақ, инфекция сілекей арқылы немесе ауа арқылы таралмайды.


ВИЧ індетінің белгілері


Аурудың белгілері әр кезеңде әртүрлі болады. Вирус жұқтырғаннан кейін алғашқы 2-4 аптада науқастардың 40-90 пайызы өздерін суық тигендей сезінеді. Бұлшық еттері ауырып, тамағы ауырады, тоңып, үсті қышиды, ауыз қуысында жара пайда болып, лимфа бездері ұлғаяды. Тестердің бәрі болмаса да көпшілігі вирус арқылы бөлінетін антиденелерді анықтай алады. Дегенмен әр жарты жылда немесе жылына бір рет ВИЧ-ке тест тапсыруды әдетке айналдырған жөн. Оның үстіне, қазақстандықтар тексерудің бұл түрінен тұрғылықты емханасы арқылы тегін өте алады.


ВИЧ жұқтырғаннан кейін де өмір бар


Жалпы, иммун тапшылығы вирусын емдеуге болады. Бірақ одан толық айығып кету мүмкін емес. Ретровирусқа қарсы күшейтілген терапияның арқасында вирус жұқтырған пациенттердің өмірін 70-80 жасқа дейін ұзартуға болады, дейді мамандар. Аталған терапия жасушадағы ақуыздарға әсер ететін ферменттердің қызметін әлсіретеді. Нәтижесінде иммун тапшылығы СПИД-ке айналмайды.

Астана қалалық СПИД-ке қарсы күрес және аурудың алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Мусинаның айтуынша, вирус анықталған жағдайда ең алдымен СПИД орталығына барып тіркелу қажет. Өйткені, ауруды бақылауда ұстаудың маңызы өте зор. Есепте тұрған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ретровирусқа қарсы емді тегін ала алады. ВИЧ жұқтырған аналардың балаларына арналған тағамдар мен дәрі-дәрмек тегін беріледі.

Мамандардың айтуынша, сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін күмәнданған жағдайда контактіге дейінгі және контактіден кейінгі профилактика шараларын пайдалануға болады. Ретровирусқа қарсы препараттар – тенофовир және эмтрицитабин деп аталады. Салтанат Мусинаның айтуынша, бұл әдіс вирус жұқтыру қаупін 90 пайызға дейін төмендетеді және бұл көбіне тәуекел тобына жататын адамдарға арналған. Контактіден кейінгі профилактика ВИЧ жұқтыру қаупін төмендетіп, вирустың көбеюіне тосқауыл жасайды. Алайда, емді жыныстық қатынастан кейін алғашқы 72 сағат ішінде бастап, дәрілерді 28 күн қабылдау қажет.


 




Көрілген: 1235    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.11.2018, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31