Денсаулық

Генетика жайлы 10 дерек: балаға тұқым арқылы не беріледі, не берілмейді?

  • © pozitivtravel.lv

    © pozitivtravel.lv

Қазақта үйленетін жігітке ата-анасы көбіне «текті әулеттің қызы керек» деп айтып жатады. Мұндағы мақсаттары – ата-ана артынан ерген ұрпақтың саналы болуын көздейді.


Баланың дана, не керісінше болуын тікелей анасына байланыстырады. Ал бұған медицина қалай жауап береді? Ата-анасының бойындағы ерекшеліктер балаға тұқым арқылы беріле ме? Отбасын құрмас бұрын ерлі-зайыптылар нені ойлануы тиіс? Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы орайда генетика жайлы төмендегідей деректерді жинастырып көрді.


Генетикалық ауытқушылықтар бір отбасындағы барлық балаға беріледі


Бұл жалған. Ерлі - зайыптылардың бір баласы генетикалық аурумен дүниеге келгенімен, келесі баласының сау болып тууына мүмкіндік жоғары. Алайда мұндайда генетик мамандарымен ақылдасу өте маңызды. Дәрігер баланың дамуына қатысты нақты болжамдарды айтып бере алады.


Егер ата-ананың бірінің генетикалық ауруы болса, баласы да ауытқушылықпен дүниеге келеді


Бұл да ақылға қонымсыз дерек. Иә, қауіп басым, алайда дені сау баланы дүниеге әкелудің мүмкіндігі басым. Әлбетте генетик-дәрігердің кеңесі керек.


Тұқым арқылы онкологиялық аурулар беріледі


Бұл – рас. Егер жеке адам қатерлі ісікке шалдықса, отбасылық анамнез деген қатер де қатар жүреді.


Балаға интеллект анасы арқылы беріледі


Дәл солай. «Ақылға жауап беретін» гендер Х-хромосомасымен байланысты. Ал әйел адамдарда ондай хромосомалардан екеу, ал әкелерде біреу болады. Сол себепті, интеллектінің анасынан берілу мүмкіндігі зор.


Ата-ананың түрлі қылығы, қалауы мен темпераменті балаға беріледі


–Рас. Бұлардың бәрі ағзадағы ақуызбен байланысты. Сондықтан баланы тәрбиелерде отбасылық дәстүрлерге аса мән берген жөн. Қазақта «баланы құрсағынан тәрбиелеу керек. Туғанда кеш болады» деген сөз бар. Расында, біріншіден, ата-ана өз қылықтарына жауап беруі тиіс.


Қара шашты, қара көзді ата-анадан көзі әрі шашы ашық түсті бала тумайды


Жалған. Әкесі мен анасының шашы мен көзі қара бола тұра, жақын туыстарында ашық түсті көз немесе шаш болса, дүниеге келетін баланың да көзі мен шашы ашық болуы әбден мүмкін.


 


Егер ата-ананың бірінің сырт келбетінде ерекшелік болса (үлен қал немесе қисайған саусақ) болса, балаға беріледі


Жалған. Адамның сырт келбетіндегі ерекшелік үлкен мөлшердегі гендердің нәтижесі. Сондықтан балаға берілу мүмкіндігі төмен.


Түрлі ұлттардың некелесуінен туған балада генетикалық аурулар болады


Жалған. Керісінше, анасы мен әкесі екі түрлі ұлттан болған баланың дені сау болып туады. Себебі әр түрлі ұлт әр түрлі гендер жиынтығына ие.


Ерлі-зайыптылардың сырт келбетіне қарап балаларда болуы мүмкін генетикалық ауруларды бағалауға болады


Жалған. Кейде адамның көзінің айналасы көгергенде немесе бетіне түрлі дақ шыққанда ішкі құрылысы ауыратынын байқауға болады. Алайда мұндай процесс ана құрсағындағы балаға берілмейді.


ЭКО арқылы дүниеге келген балалар генетикалық тұрғыдан дұрыс дамымағандар


Жалған. ЭКО арқылы сау сәбиді дүниеге әкелуге болады. Бұған қатысты медициналық зерттеулер жасалды. Алайда, мамандар ЭКО арқылы дүниеге келген балаларда табиғи жолмен дүниеге келген балаларға қарағанда аномалиясы жоғары екенін айтады. Бірақ оған ЭКО-ның қатысы жоқ, бұл ата-аналардың генетикалық аномалиясына байланысты. Себебі, ЭКО-ны кез келген ата-ана емес, балалы бола алмайтын ата-аналар жасайды.


Дайындаған: Гүлім Жақан

 
qamshy.kz




Көрілген: 1069    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.02.2019, 17:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30