Денсаулық

Гонконг ғалымдары қауіпті коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарды

  • Гонконг ғалымдары қауіпті коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарды

    Гонконг ғалымдары қауіпті коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарды

Гонконг ғалымдары өлімге әкеп соғатын коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

South China Morning Post жергілікті басылымы аталған ақпаратты инфекциялық аурулар жөніндегі маман, профессор Юэн Квок-Юнг таратқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір вакцина бар. Алайда, жануарларға тиісті тестілерді өткізу үшін көп уақыт керек. Атап айтқанда, бірнеше ай кетуі мүмкін.

Вакцинаны дайындау жұмыстарына америкалық ғалымдар мен ҚХР құрлықтың бөлімінің зерттеушілері қатысқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Суреттің аурудың алдын-алу және және бақылау шаралар аясында жасалғаны хабарланды. Сонымен қатар ол бірден барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен.

Еске сала кетейік, күні кеше алматылық маман коронавирустың жаңа кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін, сондай-ақ, оның алдын-алу жолдарын айтқан болатын.

Сонымен қатар еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де ҚРХ аумағында тараған коронавирустың жаңа түрінен қалай қорғануға болатынын айтып берген еді.




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2020, 13:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30