Денсаулық

Халықаралық қауымдастық Қазақстандағы коронавирус жағдайынан хабардар болды

  • Халықаралық қауымдастық Қазақстандағы коронавирус жағдайынан хабардар болды

    Халықаралық қауымдастық Қазақстандағы коронавирус жағдайынан хабардар болды

Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық қауымдастықты Қазақстандағы COVID-19-ға қатысты жағдайдан хабардар етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы бастаған қазақстандық делегация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының виртуалды форматтағы 73-ші сессиясының жұмысына қатысты.

«COVID-19 таралуының алдын алу, эпидемияға қарсы және жедел профилактикалық шаралар қабылдау мақсатында біз бірқатар шараны жүзеге асырудамыз. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске заңнамалық деңгейде бас мемлекеттік санитар дәрігердің шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бөлігінде өкілеттіктерін күшейту бойынша нормалар енгізілді, олар барлық адам үшін міндетті», - деді онлайн жиында министрліктің ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Гүлнар Мұханова.

Денсаулық сақтау министрлігі жанынан коронавирус инфекциясымен сырқаттануды болжау және қажетті шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, ол орта мерзімді және қысқа мерзімді болжамдар жасайды.

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы әзірленді, оның көмегімен шектеу шараларын күшейту немесе жеңілдету бойынша шешімдер қабылданады. Коронавирус инфекциясының таралуын бақылау, сондай-ақ індет ошағын уақтылы оқшаулау үшін Қазақстан Республикасында «Covid-19 бақылау орталығы» және «Saqbol» веб-қосымшасы енгізілді, QR-кодты сканерлеу арқылы қоғамдық орындарға кіру, ҚР аумағына келген жолаушыларға сауалнама жүргізу, «Мен үй карантиніндемін» деген үш модульден тұратын «Zertteu» атты тағы бір мобильді қосымша дайындалуда.

Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекараны өткізу пунктерінде санитариялық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейтті.

Сонымен қатар, еліміз тестілеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінде 3,6 млн астам зерттеу жүргізілді, ағымдағы қуаты - тәулігіне 71 мыңнан астам тест.

Тестілеу қуатының көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда шілде айынан бастап 2 есеге, 100 мың тұрғынға шаққанда 213,0-ден 370,0-ге дейін ұлғайды.

Карантин шараларының сақталуын бақылау үшін еліміздің барлық өңірінде рейд жүргізетін және карантин талаптарын бұзғандарды анықтайтын мобильді мониторинг топтары құрылды.

«Осылайша, Қазақстанда Covid-19 таралуының алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін дайындау бойынша тиісті шаралар қабылдануда», - деп атап өтті Г.Мұханова.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясы 2020 жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады.




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31