Денсаулық

Иммунитетті көтерудің тәсілі қандай?

  • Иммунитетті көтерудің тәсілі қандай?

    Иммунитетті көтерудің тәсілі қандай?

Күн суыта бастаған сайын адамдар да иммунитетті көтерудің жолдарын іздей бастайды. Осы мақсатта  екпе салдырып, дәрумен қабылдаған қаншалықты тиімді? Қандай тағамдарды  тұтынған жөн? Табиғи сусындар иммунитетті көтере ме? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын иммунолог-дәрігер Гүлсім Үсенқызынан сұраған едік. 

&ndash Гүлсім ханым, иммунитетті қалай көтеруге болады?

 

&ndash Ауаның температурасы төмендегенде ағзаның да иммундық жүйесінің қорғаныс қабілеті төмен­дейді. Соған сәйкес вирустар да көбеюге жоғары мүмкіндік алады. Адамдар көп уақыт бойы жабық кеңседе отыратындықтан оларда күн салқындағанда бактерия, вирус жұқтыру қаупі жоғары болады. Сол секілді жылыту маусымдары бастал­ған кезде де үйде, кеңселерде ауа құр­ғайды. Сол кезде мұрынның шырышты қабаты вирусты қабылдап алуға өте икемді келеді.

 

Жалпы, адамның иммунитетінің 80 пайызын ішкі құрылысының сау­лығы құрайды. Иммунитетті көтеруде таза ауа, табиғи құрамды тағамдар, уақтылы әрі дұрыс ұйқы керек, соған қоса көтеріңкі көңіл-күйдің де маңызы зор. 

   

Ал ЖРВИ ауруларында ең бірінші гигиенаны сақтау керекпіз. Содан соң С дәрумені бар тағамды тұтынуымыз қажет. Соның ішінде ішектің саулығын сақтап, майлы тағамдарды азайтқан жөн.

 

С дәрумені лимонда, балда бар. Сонымен таңертеңгі аста шәй ішуге болады. Сонымен қатар грек жаңғағын,  кептірілген өріктерді (олардың құрамында магний, кальций бар)  тұтынған дұрыс. Асқабақ, сә­біз сияқты көкөністерді буға бұқтырып жеген жақсы.  Бұлардың құрамында да С дәрумені бар. Сәбіздің, қызылшаның шырынын ішсе де өте пайдалы.

 

&ndash Дәріханадағы дәрумендермен алмастыруға бола ма? Оларды қалай ішкен дұрыс?

 

&ndash Дәріханадағы дәрумендерді орнымен ішу қажет. Бірінші кезекте дәрігерлердің нұсқауы керек. Себебі артық дозада қабылданса ол ағзаға қауіпті. Аллергиясы бар адамдар да байқап ішкені дұрыс.

 

Кейбір дәрумендер қатар қабылданады. Мысалы, темір ішкенде цинк, ал кальций ішкенде магний қатар жүруі керек. Осындай ережелерді де естен шығармаған жөн.

 

&ndash Жалпы, шұбат, саумал ішкен қаншалықты пайдалы?

 

&ndash Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, белоктарға, тұздарға, дәрумен­дерге байланысты. Шұбаттың құрамындағы белоктардың едәуір бөлігі ағзаға ыдыраған күйде түседі. Оның  жеңіл қорытылатыны да сондықтан. Бұл сусын қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің моторлық қызметін жақсартады. Бауырдағы зат алмасу процестерін қалпына кел­тіреді, нерв жүйесіне өте пайдалы. Шұбат туберкулез ауруын 100 па­йыз жазады.

 

Саумалды да жаңа сауған кезде таңертеңгі уақытта ашқарынға ішкен жақсы. Оны тамақтан бұрын ішеді. Өз басым ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамай-ақ саумалмен асқазан жарасынан құтылдым. Таңертең жаңа сауған саумалды 200 граммдық стаканмен 10 күн іштім. Бір апта демалдым да, қайтадан 10 күн іштім. Бірақ сол алғашқы 10 күнде-ақ керемет нәтиже берді. УЗИ-ге түскенімде бәрі жақсы екенін айтты.

 

Негізі саумалды күніне 4-5 рет ішуге де болады. Оны тамақтан 20-30 минут бұрын 250 граммнан ішкен жақсы. Ол да шұбат сияқты ағазаға өте жақсы сіңеді. Ол ұйқы безінің, бауырдың, ішек жолдарының жұмыстарын, қан айналымды жақсартады. Асқазанның ойық жараларына өте керемет ем. Ер-аза­маттардың потенциясын күшейтеді. Суық тигенде де жақсы.

 

Саумал иммундық жүйемізді өте жақсы көтереді, қызметін жақсартады. Жүрек және буын ауруларында да пайдалы ас. Айта берсек, саумалдың пай­дасы өте көп.

 

&ndash Ал тұмауға қарсы екпені алған қаншалықты тиімді?

 

&ndash Жыл сайын тұмауға қарсы екпені алып тұрған дұрыс. Себебі тұмаулардың штамптары әр түрлі болады. Содан соң екпе алған адамдар екпе салдырмағандарға қарағанда тұмаумен  аз ауырады.

 

Екпе алуға қыркүйек-қазан айлары ыңғайлы уақыт. Бірақ тұмау­дың екпесін созылмалы аурулары бар адамдарға салдыруға болмайды.

 

&ndash Жағымсыз әсері болуы мүмкін бе?

 

&ndash Созылмалы немесе басқа да аурулары бар адамдарға екпе кері әсер беруі мүмкін. Екпе салдырар кезде міндетті түрде дәрігерден кеңес алу керек. Аллергиясы бар адамдар да өте сақ болғаны дұрыс.  

 

Тұмауға қарсы екпе салдырғанда неліктен асқынулар болады? Бұл екпенің сапасына да байланыс­ты. Екпенің сапасына ешкім кепілдік бере алмайды.  Оған қоса екпенің егілу тәсілі де, сақталуы да дұрыс болуы керек. Осы жағын мемлекет қатаң қадағалауды қолға алса, еш­­кім екпеге қарсы тұрмас еді деп ойлаймын.  

&ndash Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан &ndash М.ҚҰРБАНҚЫЗЫ.

zamana.kz

 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 00:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30