Денсаулық

ИНСУЛЬТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ

  • ИНСУЛЬТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ

    ИНСУЛЬТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ

Инсульт – мидағы қан тамырларының қызметінің кенеттен бұзылып, миға қанның құйылуы. Оның әсерінен мидың қан тамыршалары бітеледі, ал бұл қанның ұюына әкеп соқтырады. Жыл сайын миға қан құйылуы салдарынан миллиондаған адам қаза табады. Инсульт алған адамды дереу құтқармаса, салданып (паралич) қалуы мүмкін. Және құтқаруға сіздің үш-ақ сағат уақытыңыз бар. 


Бүгінгі жазбамыздан инсульттің алғашқы белгілерімен таныс боласыздар. Инсультпен ауырып тұрған адамның күйін мынадай 4 қарапайым белгіcі арқылы тануға болады.


* Науқастан күлуін өтініңіз (ол талпынуы мүмкін, бірақ, күле алмайды )


* Әңгімеге тартыңыз (мысалы, «бүгін ауа райы керемет, солай ма?» десеңіз, сөйлеуге қиналады немесе сөйлей алмайды)


* Екі қолын қатар көтеруін өтініңіз (ол бұны істей алмайды не ақырын ғана көтере салады)


* Тілін шығаруын өтініңіз (тілі жыбырлап не қайырылып тұрады)


Егер өтініштеріңізге байланысты қиындықтар туып жатса, міндетті түрде жедел-жәрдемге хабарласыңыз. Болған жайттың бәрін нақтылап түсіндірсеңіз, олар сіздерге арнайы құтқару тобын жібереді.


Инсульт аяқ астынан туады. Біз айтқан кеңестерді түсініп алсаңыз, инсульт алған адамға көмектесе аласыз. Ең бастысы, уайымға берілмеңіз, өйткені адам өмірі – сіздің қолыңызда. Осындай керек деректерді достарыңызға айта жүрсеңіз, адам өмірін сақтау мүмкіндігі артар еді. Ал, біз алғашқы көмек көрсету үлгілерін алдағы жазбаларымызда айтатын боламыз.


Дереккөз Reactor




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31