Денсаулық

Иранда COVID-19-дың жаңа штамы қайдан таралуы мүмкін екені айтылды

  • Иранда COVID-19-дың жаңа штамы қайдан таралуы мүмкін екені айтылды

    Иранда COVID-19-дың жаңа штамы қайдан таралуы мүмкін екені айтылды

Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы вакцинаны зерттеп жатқан ұлыбританиялық лабораториялардан тарап кеткен болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Иран денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Алиреза Вахабзаде жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, ирандық шенеунік Twitter желісінде 23 желтоқсанда британиялық ғалыммен сөйлескенін жазған. Ғалым оған вирустың қайдан тарап жатқанын айтқан. Маманның аты-жөні жазылмаған. 

"Мен ұлыбританиялық ғалымдардың бірімен сөйлестім. Олардың бірі Ұлыбританияда вакцина әзірлеп жатқан лабораториядан мутацияланатын вирус шығып кеткенін растады. Алайда қалай тарап кеткені түсініксіз", - деп келтірді Вахабзаде сөзін РИА Новости.
Еске салайық, Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы тез тарап жатыр. Вирустың бұл түрінің ерекшелігі - ол адамнан адамға 70 пайызға тез жұғады. БАҚ мәліметтерінше, COVID-19-дың жаңа штамы Ұлыбританиядан бөлек тағы бірнеше елде анықталған. Ғалымдар вирустың бұл түрі вакциналарға кері әсер етпейтінін айтады. Алайда жаңа "ұлыбританиялық" штамм балаларға қауіпті болуы мүмкін екен.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 2176    Пікірлер: 0

жұма, 25.12.2020, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31