Денсаулық

"Жағымсыз реакциялардың ешбірі байқалмады": Атыраулық дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты

  • "Жағымсыз реакциялардың ешбірі байқалмады": Атыраулық дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты

Атырау қалалық №7 емхананың директоры коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғаннан кейінге жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау қалалық №7 емхананың директоры Гүлнафис Таңбаева емхана қызметкерлерімен бірге алғашқылардың бірі болып екпе салдырған.

 
Гүлнафис Әбділдақызының айтуынша, бүгінде бұл емхананың 11 қызметкері екпе салып үлгерген.

"Біздің емхананың 11 қызметкері екпе алды. Олардың арасында өзім де бармын. Содан бері аптаға жуық уақыт өтті. Вакцина алған кезде болуы мүмкін деген жағымсыз реакциялардың (температураның көтерілуі, бас ауруы, бас айналуы) бірде бірі менің бойымнан байқалмады. Тек инъекция алған орында гиперемия болды. Әріптестерімнің де жағдайы жақсы. Екінші кезеңдегі екпені 22 ақпанда салдырамыз. Дәрігер ретінде халықты вакцина салуға шақырамын. Себебі бұл коронавирус індетіне тосқауыл қоюдың бірден-бір жолы", - дейді ол.

Айта кетейік, бүгінде барлық емдеу-сауықтыру мекемесінде, оның ішінде 7 ауданда, қалалық емханаларда екпе салу медициналық пункттері ұйымдастырылған.

"Процедуралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сәйкес жасалды. Вакцина дозалары санитарлық талаптарға сәйкес арнайы қоймада сақтаулы. Алдағы күндері тағы 20 доза алдыртамыз", - дейді ол.

Еске салсақ, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. 




Көрілген: 2937    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 23:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30