Денсаулық

Жамбыл облысында 96 жастағы әжей вакцина алды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Жамбыл облысында 96 жастағы қарт коронавирусқа қарсы екпе алды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңа жол ауылының тұрғыны Халаяпова Ифрат – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға барынша үлес қосқандардың бірі.

 

Ел басына күн туған шақта ерлерше еңбек майданында тер төккен қарт 8 баланы туып, оның 6-уын өсіріп-тәрбиелеп, олардан 13 немере көріп отыр.

 

Соғыстан кейінгі жылдары звенода Ифрат апа қызылша егу, баптау жұмыстарында да алдына жан салмаған.

 

Қашанда ширақ қария ешқашан ауылдық емханаға сырқаты жөнінде шағымданбапты. Созылмалы немесе басқа да аурулар бойынша диспансерлік есепте де жоқ.

 

Бүкіл ғұмырын еңбекке арнаған жан үнемі қимыл-қозғалыста болып, салауатты өмір салтын ұстанғанының арқасында әлі де өзін тың сезінетінін айтады.

 

«Мен коронавирусқа қарсы вакцина салғызып, аурудан сақтануға бел будым, сондай-ақ өзгелерге де зиянымды тигізбеу үшін де вакцина салғыздым», - дейді әжей.

 

 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 09:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30