Денсаулық

Жамбыл облысында екінші отандық вакцина зерттеуден өткізіліп жатыр

  • Жамбыл облысында екінші отандық вакцина зерттеуден өткізіліп жатыр

    Жамбыл облысында екінші отандық вакцина зерттеуден өткізіліп жатыр

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов хабарлады. Оның айтуынша, екінші қазақстандық вакцина Тараз қаласындағы көпбейінді ауруханада зерттеуден өткізіліп жатқан көрінеді.
Отандық екінші суббірлікті вакцина клиникалық сынақтың бірінші мерзімі аяқталды. Оған 44 адам қатысты. Екінші кезеңге 200 адам жинақталып жатыр. Қазір 130 адам талдаулар өткізіліп, тексеріліп, вакцина салынды. Қалған 70 адамды зерттеу үстіндеміз. Зерттеуден дұрыс өткен жағдайда еріктілерге де вакцина егеміз, - деді Хамит Мырзақасымов.
Сондай-ақ жаңа вакцинанының клиникалық зерттеуіне аудандардан еріктілер де қамтылыпты.

Басқа аудандардан еріктілерді әкелгеніміз рас. Қордай және басқа аудандардан келді. Олар Тараздағы көпбейінді аурухананың базасында тексерістен өтеді. Базаның өз зертханасы бар. Тексерулер 6 айға созылады. Еріктілердің келісімімен 6 ай ішінде олар кестеге сәйкес талдау тапсыруға, тексерілуге келіп тұрады, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.


Мақпал ОРЫНБЕК

BAQ.kz




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 00:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31